Ішімдік сатудан бас тартқан: Ақтауда кассир әйелді ұрған ер адам сотталып кетті
Оқыс оқиға 2025 жылғы 13 мамыр күні түнгі сағат 02:31 шамасында болды

Маңғыстау облысында алкоголь ішімдігін сатудан бас тартқан кассирге қол жұмсаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға қалай болды?
Ақтаудың 27-шағынауданында орналасқан «Ақсу» азық-түлік дүкенінде 2025 жылғы 13 мамыр күні түнгі сағат 02:31 шамасында мас күйде болған ер адам кассир әйелге жұдырықпен соққы жасаған.
Оған себеп – сатушының сыра сатудан бас тартуы және соның нәтижесінде туындаған жанжал болған.
Барлығы бейнебақылауға түсіп қалған
Сот материалдарында айтылғандай, ер адамның кінәсі дәлелденген:
- Куәлардың көрсетулерімен;
- Жәбірленушінің айғақтарымен;
- Камера жазбаларымен.
Жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды сұраса, айыпталушы кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза беруді өтінген.
Соттың шешімі қандай болды?
Ақтау қалалық соты:
- Ер адамды ҚР ҚК 293-бап 1-бөлімі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды.
- Оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Заң не дейді?
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі келесі жазаларды қарастырады:
- 500-2000 АЕК (шамамен 2 млн – 7,8 млн теңге) аралығында айыппұл;
- 300-600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс;
- 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.
Бұл оқиға туралы 13 мамыр күні әлеуметтік желілерде бейнежазба тараған болатын. Онда ер адамның дүкен кассиріне шабуыл жасаған сәті анық көрінеді. Көп ұзамай күдікті полиция тарапынан ұсталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






