«Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады»: Мақпал Жүнісова жарыққа шықпай қалған фильм туралы айтты (ВИДЕО)

Қараша 28, 2024 - 12:32
«Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады»: Мақпал Жүнісова жарыққа шықпай қалған фильм туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: makpal_zhunusova_fan

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы өзіне арналған фильмді көрсетті, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Өнер иесі ауылына барып, балалық шағының өткен жерімен таныстырды. 

“Ты моя мелодия" деген фильм еді. Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады. Архивте шаң басып жатыр. Бұл жерде тіптен саясат жоқ. Енді 11 қаңтар менің туған күнімде YouTube-қа салынады. Бір сағаттық кино. Маған Жанар деген жанкүйерім жіберіпті. Архивтің көкесі осы қызымда”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі отандық арналардың әлі күнге дейін алалайтынын жасырмады. 

“Ұлттық арна ғана жаңа жалдық түсірілімге шақырды. Екі ән айттым. Екіншісі Әлішер Кәрімовпен дуэт орындадық. Басқа арналар шақыра қойған жоқ. Етіміз үйреніп кеткен. Ешқандай ренішіміз жоқ. Жастар өсе берсін”, – деп жазды халық әртісі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow