«Ыстығына күйіп, суығына тоңдым»: Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кетті
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Бүгін мен үшін ерекше толқынысты күн. Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті. Төрт жыл ішінде сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, туған қаламыздың дамуы үшін шамамыз келгенше еңбек еттік. Бұл кезең мен үшін үлкен жауапкершілікпен қатар, үлкен мектеп, өмірлік тәжірибе болды. Осы уақыт ішінде талай мәселені бірге көтердік, талай бастаманы бірге жүзеге асырдық. Әрбір кездесудің, әрбір ұсыныс пен пікірдің мен үшін өз орны бар. Қолдаған жерлеріңізде қанаттанып, сынаған жерлеріңізде шыңдала түстім», – деп жазды ол.
Экс-әкім қала тұрғындарына қолдауы үшін алғыс білдірді.
«Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша Жезқазғандықтарға шын жүректен алғыс айтамын. Қуанышты сәттерде бірге қуанып, қиындықта бірге шешім іздеген күндер жадымда мәңгі сақталады. Мен үшін Жезқазған – жай ғана қызмет атқарған қала емес. Бұл – тағдырыммен, еңбегіммен, естеліктеріммен байланысқан туған жер. Қызмет аяқталғанымен, Жезқазғанға деген жанашырлығым мен ақ тілегім ешқашан аяқталмайды», - деп сөзін түйіндеді экс-әкім.
Айта кетейік, Қайрат Шайжанов – Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2022 жылдың маусымында тағайындалған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0