Израиль елшілігіне өрт қоймақ болған студент 5 жылға сотталды

Сот студентті "Терроризм" бабы (8-10 жыл жаза қарастырылған) бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Мамыр 10, 2024 - 13:33
Мамыр 10, 2024 - 13:34
Израиль елшілігіне өрт қоймақ болған студент 5 жылға сотталды
sud.uz

Ташкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі Яккасарай аудандық сотында Израиль елшілігіне өрт қоймақ болған әлем тілдері университетінің екінші курс студентіне үкім оқылды. Сот үкімі туралы Gazeta.uz сайты жазды.

Іс материалдарына қарағанда, А.А есімді студент 19 сәуірде шамамен 4 жарым шамасында сөмкесіне керосин құйылған бөтелке, гантель, екі қорап сіріңке және мата салып алып, велосипедпен Израиль елшілігіне барған. Дипломатиялық өкілдікке жақын орналасқан құқық қорғау орган өкілдері оның жүріс-тұрысынан күдіктеніп қалған.

Полиция қызметкерлері жас жігітті тоқтатуға тырысқан, алайда ол қашып кетпек болған. Бұдан соң полиция қызметкерлері оған көлікпен қуып жетіп, бөлімшеге апарған. Студент сонда да сытылып шығып, керосин бар бөтелке мен гантельді алып, елшілік жаққа қарай жүгіріп бармақ болған. Елшілікті күзетіп тұрған сақшылар жас жігітті ұстап алған. Бірақ ол бөтелке мен гантельді елшіліктің ауласына лақтырып үлгерген.

Айыпталушы сотта былтыр күзде Израиль мен Газа секторындағы қарулы қақтығыс туралы видеороликтерді көріп, соның нәтижесінде "Израильді жек көріп кеткенін, сүйтіп кек алу үшін Ташкенттегі Израиль елшілігін өртемек болғанын" айтты.

Айыпталушы Өзбекстан президенті мен халқынан, сонымен бірге Израиль елшілігінен кешірім сұраған. Ол кінәсін толық мойындаған.

Сот студентті "Терроризм" бабы (8-10 жыл жаза қарастырылған) бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow