Израиль мен Иранның атысты тоқтатуы ұзаққа созылмады

Маусым 24, 2025 - 17:24
Израиль мен Иранның атысты тоқтатуы ұзаққа созылмады
Фото: oilcapital.ru

Тель-Авив Тегеранды "зымыран атты" деп айыптайды. Десе де, Иран Изральдің бұл мәлімдесіне үзілді-кесілді қарсы шығып, шындыққа жанаспайтынын айтқан, деп хабарлайды sadaq.kz.

Осылайша, Израиль билігі атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына байланысты Иран нысандарына соққы беру туралы бұйрық шығарған. Мұны елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеранның орталығындағы Иран режимінің нысандарына жойқын соққы беруді тапсырды", – делінген ресми хабарламада.

ЦАХАЛ-дың ақпаратын сенсек, атысты тоқтату туралы екіжақты келісім күшіне еніп, бірнеше сағат өтер-өтпестен Иран аумағынан Израильге кемінде екі баллистикалық зымыран ұшырылған. Абырой болғанда, оны елдің әуе қорғаныс жүйесі толық жоя алған. Зымыраннан зардап шекен адамдар, қираған ғимараттар жоқ.

Сондай-ақ, Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары – ISNA агенттігі мен IRIB телерадиокорпорациясы Израильге зымыран жіберілгенін жоққа шығарып, Тель-Авивтің айыптауына келіспеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow