Израиль мен ХАМАС бітімге келді

Қазан 9, 2025 - 15:38
Израиль мен ХАМАС бітімге келді

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС-тың өзара бітімге келгенін мәлімдеді. 

Трамптың айтуынша, бітімге сәйкес, жақын арада барлық тұтқындар босатылмақ. 

«Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңіне қол қойғанын мақтанышпен айтқым келеді. Бұл дегеніңіз барлық тұтқынға алынғандар жақын арада босатылады, ал Израиль тұрақты бейбітшіліктің алғашқы қадамы ретінде келісілген сызыққа қарай әскерін алып кетеді дегенді білдіреді» деп жазды АҚШ президенті. 
Ол екі елдің бітімге келуіне көмектескен Катар, Египет пен Түркияға алғыс білдірді. Трамп бұл күнді араб және мұсылман әлемі, Израиль мен АҚШ үшін «Ұлы күн» деп атады.

Осыдан бірер күн бұрын Трамп ХАМАС-қа соғысты тоқтату туралы шарт қойған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow