«Қадамы құтты болсын»: Жазира Байырбекова келін түсірді (ВИДЕО)

Наурыз 24, 2026 - 12:45
app_badging Наурыз 24, 2026 - 12:49
chat_bubble  0 visibility  11
«Қадамы құтты болсын»: Жазира Байырбекова келін түсірді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Өнердегі танымал жұп Жанболат пен Жазира келін түсірді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Қуанышты жаңалықты Жазира Байырбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 


«Апамыз немере келінін ақ босағадан аттатып, үйде күтіп алды. Май құйып, аластап, ақ батасын беріп, ақ ниетімен қарсы алды.

Бұл да бір Алланың бізге нәсіп еткен үлкен бақыты… Аллаға сансыз шүкір! Тфай-тфай, көз тимесін! Келініміздің қадамы құтты, ғұмыры бақытты болсын!», – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары жас отау иелеріне тілегін жаудырып, өнер иесіне жылы лебіздерін арнады. 


«Үлгілі отбасы болсын! Көптен күткен қуаныштарыңыз ұзағынан болсын!», «Асылының қадамы құт болсын!», «Осылай күліп келу керек»,«Сүйкімді, жарқыраған қыз екен», «Бармақтай бақ берсін», «Қуаныштан көзіме жас келді», «Қандай әдемі келін», «Өзіміз келін түсінгендей қуандық»,– деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0