Камчатка тарихында 8,7 балдық ең күшті жер сілкінісі тіркелді

Ғалымдар бұл сейсмикалық оқиғаны классикалық субдукциялық (литосфералық плиталардың бір-бірінің астына кіруі нәтижесінде болатын) жер сілкінісі деп бағалап отыр және одан күтпеген салдар болмайды деп болжауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Камчатканың сейсмофокалдық аймағында ең күшті жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы әртүрлі бағалар бойынша 8,7-ге жетіп отыр. Бұл, сөзсіз, аса маңызды оқиға", – деп хабарлады Ресей Ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчаткадағы бөлімшесі Telegram-арнасында.
Жер сілкінісінің ошағы 2025 жылғы 20 шілде мен 2024 жылғы 17 тамызда болған жер сілкіністерінің ошақтарымен оңтүстік-батыстан шектесіп жатыр. Жер жарығы терең теңіз жырасы бойымен оңтүстік-батыс бағытта кем дегенде 200 шақырымға дейін тараған.
Сондай-ақ, Камчатка жағалауында және Солтүстік-Курильск қаласында қауіпті, күшті цунами тіркелді.
Күшті жер асты дүмпуі Камчаткада жергілікті уақытпен сағат 11:26–да (Мәскеу уақытымен 02:26) болды.
Аймақ басшысының шешімімен Петропавловск-Камчатский қаласында жұмыс күні қысқартылды. № 1 қалалық балалар емханасының ғимаратына зақым келгендіктен оның жұмысы уақытша тоқтатылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






