Қар, көктайғақ, бұрқасын: 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазгидромет Астана мен Алматы және тағы 9 қаланың халқына ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Атмосфералық фронтальды учаскелер өтетін республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын, қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыста қарлы боран соғады.
«Республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. 2025 жылдың 17 қарашасында Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?