«Қар жауып, боран соғады»: синоптиктер дабылды ескерту жасады
Ауа температурасы бірден төмендейді: түнде 5-13 градус, күндіз –3 пен –11 градус аралығында аяз болады.
 
                                Қазгидромет синоптиктері 1, 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон келе жатыр.
Осының салдарынан солтүстік пен шығыста қар мен боран күтіледі
Циклон Қазақстан аумағы арқылы жылдам жылжып, жаңбырды қарға ұластырады. 4 қарашада елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде қалың қар, сондай-ақ боран, екпінді жел және көктайғақ болады деп болжанған. Ауа температурасы бірден төмендейді: түнде –5 пен –13 градус аралығында, күндіз –3 пен –11 градус аралығында болады.
Суық фронт Қазақстанның оңтүстігіне де таралады. 4 қарашада жаңбыр мен дымқыл қар күтіледі, кейін мұнда да ауа температурасы төмендейді: түнде –13 градусқа дейін, ал күндіз +5 градустан жоғары болмайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                            