Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Қарағанды облысының Абай қаласында 13 жастағы Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып, полиция іздеу жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
7-сынып оқушысы 1-сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Оның белгілері: бойы 150-155 см, дене бітімі орташа. Үстінде қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл түсті аяқ киім болған.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала үйден жалғыз шықпаған.
«Жасөспірім достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кентіне қарай жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелінің маңында балалар екіге бөлінген: екі жасөспірім үйлеріне аман-есен оралды, ал үшіншісінің қайда екені әлі күнге дейін белгісіз», — деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бибарыстың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 телефондарына немесе «102» арнасына хабарласуды сұрайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0