Қарағандыда ер адам базар алдында өзін өртеп жібермек болды

Наурыз 26, 2026 - 18:16
chat_bubble  0 visibility  1
Қарағандыда ер адам базар алдында өзін өртеп жібермек болды
Фото: Видеодан скрин

Қарағандыда ер адам базар әкімшілігімен жанжал кезінде өзін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 26 наурызда Қарағандыда “Горняк” базарында болған. Ер адам базар әкімшілігімен болған жанжал кезінде өзін-өзі өртемек болған. Дауға базар басшылығының оның сауда контейнерлерін алып кетуге тыйым салуы себеп болған.

Осыдан кейін 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетті. Полиция мен әкімдік қызметкерлерімен жүргізілген келіссөздерден кейін ер адам өз ниетінен бас тартты. Қазір саудагер әкімдік ғимаратында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0