Қарағандыда мәслихат депутаты отырыс кезінде темекі шеккені үшін жауапқа тартылды
Қарағанды облысында Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Саққұлақов онлайн отырыс кезінде жұмыс орнында электронды темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мәслихат депутаттарының жиыны Zoom арқылы өткен. Тікелей эфирден депутаттың жұмыс кабинетінде электронды темекі шеккен сәті көрініп, кейін видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.
Осакаров аудандық мәслихатының басшысы Қаныбек Төлеуовтің айтуынша, тексеріс кезінде жұмыс орнында темекі шеккені расталған. 15 қыркүйекте полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, айыппұл салған. Аталған бап заңмен темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін тұтынғаны үшін жауапкершілікті қарастырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0