Қарағандыда жантүршігерлік көлік апатынан үш адам қайтыс болды

Наурыз 19, 2026 - 11:33
chat_bubble  0 visibility  1
Қарағандыда жантүршігерлік көлік апатынан үш адам қайтыс болды
Фото: Видеодан скрин

Астана – Қарағанды – Алматы тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы көз жұмды,  деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 18 наурыз күні Балқаш қаласы жағынан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен 40 шақырым жерде болған.

Алдын ала дерек бойынша, Chevrolet Cobalt көлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші ұзаққа созылған бұрылыста көлікті тізгіндей алмай, салдарынан көлік аударылған.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0