«Қашатын жер жоқ, дайын бол»: Шавкат Рахмонов UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды

Тамыз 28, 2024 - 12:53
Тамыз 28, 2024 - 12:54
«Қашатын жер жоқ, дайын бол»: Шавкат Рахмонов UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды
Фото: Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы қазақстандық файтер YouTube желісіндегі Submission Radio арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеп. 

Шавкат Рахмонов сұқбатында қазіргі чемпион Белал Мухаммадтың Леон Эдвардсқа қарсы жекпе-жегінде жеңіске жеткеніне таңғалғанын жасырмады.

"Мен Белалдың жеңісіне күмәнім болды, бірақ ол керемет өнер көрсетті және чемпиондық белбеуді лайықты түрде жеңіп алды. Бірақ оның ендігі міндеті – менімен жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғау. Біз кімнің нағыз жауынгер екенін анықтайық – ол ма, әлде мен бе? Белалдың қарсыластары оны бағаламай, үлкен қателік жіберді. Ол жоспарға сай әрекет ететін, күрес пен қысым арқылы жеңіске жетуге тырысатын жауынгер. Оның әр жекпе-жекте қалай дамып, жақсарып жатқанын көріп отырмыз", - деді Шавкат Рахмонов.

Сондай-ақ Шавкат Рахмоновтың айтуынша, Белалмен жекпе-жек оның мансабындағы ең қиын жекпе-жек болуы мүмкін, бірақ ол бұл кездесуді жеңетініне сенімді.

"Белалмен жекпе-жегіміз өте қиын болмақ. Ол өз мәнерімен төбелесуге тырысады, жеңіс үшін барын салады. Бұл мен үшін оңай болмайды, бірақ мен бұл жекпе-жекте жеңіске жететініме сенімдімін. UFC мені чемпиондық жекпе-жекке бірінші нөмірлі үміткер деп санайды. Себебі мен UFC-дегі барлық жекпе-жегімді жеңіспен аяқтадым. Сондықтан мен чемпиондық атаққа күресетін келесі үміткер болуым керек деп ойлаймын! Қалғандары да жақын, бірақ оларға тағы 1-2 жеңіс қажет. Ал мен – келесі үміткермін! Мен Белалмен кез келген уақытта жекпе-жекке шығуға дайынмын. Жыл соңында немесе келесі жылдың басында – UFC қашан шешсе, Белал қашан дайын болса, сол кезде мен де дайынмын. Мен титулды жеңіп, оны Қазақстанға алып келуге дайынмын! Белал бұл сұхбатты көретін болса, мен не айтар едім? Дайын бол! Қашатын жер жоқ", - деді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow