Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барды.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Габаладағы Конгресс-орталыққа барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті.
Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде мемлекет басшылары саяси ұсынысын айтып, түркі мемлекеттерінің ортақ мәселелерін талқыламақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?






