Қайғылы жағдай: Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, соңынан өзі секіріп кетті

Шілде 30, 2025 - 14:33
 0  204
Қайғылы жағдай: Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, соңынан өзі секіріп кетті
Фото: informburo.kz

Павлодарда әйел 5-ші қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бүгін сағат 13:00 шамасында өтіп бара жатқан куәгерден шұғыл қоңырау түскен.

Хабарламада Нұрмағамбетова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткені айтылған.

Оқиға орнына небәрі 6 минут ішінде үш жедел жәрдем бригадасы жетті. Қазіргі кезде екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел қалалық №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға байланысты аймақтық полиция департаментінің ресми түсіндірмесі күтілуде.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0