Қайрат Нұртасқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалды
15 күнге қамалған ол сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсірген еді.
15 күнге қамауға алынған Қайрат Нұртасқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Астана соты бұрын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ісін апелляциялық тәртіппен қарады. Ол басқа адамның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқан.
Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?