"Қайрат" пен "Реал" ойынының билет бағасы белгілі болды

"Қайрат" пен "Реал" ойынына билеттердің қашан сатылымға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алматының «Қайрат» клубы 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мадридтік «Реалды» қабылдайды.
Тарихи кездесу Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын астаналық уақытпен 21:45-те басталады.
Билеттерді сату 23 қыркүйекте, сағат 17:00-де басталады. Билетті "Қайрат" клубының ресми сайтынан және Ticketon платформасынан сатып алуға болады. Бағасы 30 000-250 000 теңге аралығында болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






