Қазақстан шекарасында ұшақ құлап, үш адам көз жұмды
Ресейдің Орынбор облысында, Қазақстан шекарасына таяу Орск қаласының маңында Diamond DA40 үлгісіндегі оқу ұшағы құлап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы оқиғаны Росавиация ресми түрде растады. Алдын ала мәлімет бойынша, мерт болғандар – 36 жастағы ұшқыш және 20 мен 21 жастағы екі курсант.
SHOT Telegram-арнасының жазуынша, ұшақ ауа ағынынан ажырап, көтергіш күшін жоғалтқан. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай әуе кемесі техникалық тұрғыдан жарамды болғанның өзінде де орын алуы ықтимал.
Сарапшылардың түсіндіруінше, мұндай жағдайда ұшақ әуеде тұрақтылығын жоғалтып, басқару қиындайды әрі қозғалыс барысында діріл байқалады. Әдетте мұндай аэродинамикалық қозғалыс пилоттау қателігімен және төмен биіктікте ұшумен байланысты болады.
Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері анықталып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0