«Қазір оң өзгерістер бар»: Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азамат туралы

Тамыз 18, 2026 - 15:50
chat_bubble  0 visibility  11
«Қазір оң өзгерістер бар»: Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азамат туралы
фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында экс-депутат Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Нұржігіттің денсаулығына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Зардап шеккен азаматтың туыстары әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, Нұржігіттің қазіргі жағдайы туралы айтып, көпшіліктен дұға етуді сұрады.

«Бауырымның жағдайы қанағаттанарлық. Бақытжан Базарбек ағамыз жанымызда. Бауырымның аяққа тұрып кетуі үшін еш көмегін аяп жатқан жоқ. Құрметті халайық, бауырым үшін дұғада болыңыздар», – делінген үндеуде.

Өз кезегінде Бақытжан Базарбек науқастың жағдайын бақылауда ұстап отырғанын айтты. Оның сөзінше, Нұржігітке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Нұржігіт бауырымыздың денсаулығы ақ халатты абзал жандардың қолында. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Реаниматологтар мен травматологтар консультация беріп, қажетті емшаралар жасалуда. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан консилиумдар өтіп жатыр. Қазір оң өзгерістер бар», – деді Бақытжан Базарбек.

Айта кетейік, дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Оның денсаулығы Денсаулық сақтау министрлігі мен Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0