«Қазіргі жағдайды жасырмай айтуым керек»: Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады

Ақпан 2, 2026 - 10:40
 0  3
«Қазіргі жағдайды жасырмай айтуым керек»:  Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады
Фото: жеке парақшасынан алынды

UFC-дің жартылай орта салмағында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов  жарақатына байланысты  октагонға шықпайтынын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

«Жауынгердің жолы ешқашан оңай болмайды. Өмір адам көтере алмайтын сынақ бермейді. Әр арманның өз құны бар, кейде ол — денсаулық. Қазіргі жағдайды жасырмай айтуым керек: жарақаттарымның салдарынан тағы бір операция жасаттым, енді толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Осыған байланысты октагонға оралуым тағы кейінге шегерілді»,– деді спортшы.

Бұл шешімді қабылдау оңайға соқпағанын айтып, жеңіске деген құлшыныспен оралатынын жеткізді. 

«Мұны қабылдау оңай емес, бірақ әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды және жеңіске деген ашуы арта түскен күйде қайта ораламын. Мақсатым өзгерген жоқ. UFC белдігі Қазақстанға әлі келеді. Қандай жағдайда да жанымда қалған баршаңызға рахмет. Бұл жолдың соңы емес, тек маңызды бір кезеңі ғана», – деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0