«Кешіріңіздер мені»: «Қазақстан» шоколадын келемеждеген ресейлік блогер өкінетінін айтты (ВИДЕО)

Ресейлік блогер Михаил Гребенюк “Қазақстан” шоколадына қатысты пікірі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Блогер Telegram-арнасында жариялаған үндеуінде өз қателігін мойындап, видео үшін кешірім сұрады.
«Қай жерде, не айтатыныңды ойланып сөйлеудің маңызын түсіндім. Біз шоколадтың дәмі туралы пікір білдірген видео жарияладық. Бірақ мен мәселенің дәмде ғана еместігін түсінуге ақылым жетпеді. Бұл жай ғана шоколад емес, бұл – қазақ бауырларымыздың ұлттық символы, мақтанышы мен махаббаты», – деп жазды блогер.
Блогер әр адамның талғамы әртүрлі болуы мүмкін екенін және олар әрдайым бірдей бола бермейтінін атап өтті.
«Мен бұл шоколадтың артында тұтас бір ұлттың дәстүрі, тарихы, сүйіспеншілігі мен мақтанышы жатқанын көре алмадым. Бұл дәмді миллиондаған адам, әсіресе аға буын өте жақсы көреді, олар үшін бұл балалық шақтың, күлкінің дәмі. Бұл – мен үшін аса құнды сабақ болды», – дейді блогер.
Үндеуінің соңында блогер әкесінің Алматы туғанын, өзі де Қазақстанды жақсы көретінін айтып, қазақстандықтардан қазақ тілінде кешірім сұрады.
“Кешіріңіздер мені, бауырларым мен апа-қарындастарым. Тағзым етемін және сабақ үшін алғысымды білдіремін”, – деп жазды блогер.
@djang0__unchained @Михаил Гребенюк ♬ оригинальный звук - djang0__unchained
Сіздің реакцияңыз қандай?






