«Кет, көзіме көрінбей!»: Белгілі жазушы келінін қуып жіберген (ВИДЕО)

Сәуір 29, 2026 - 15:38
chat_bubble  0 visibility  2
«Кет, көзіме көрінбей!»: Белгілі жазушы келінін қуып жіберген (ВИДЕО)
Коллаж: sadaq.kz

Қазақстандық жазушы Қуандық Түменбайдың ұлы Еркебұлан Түменбайдың бұрынғы жұбайы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, бұрынғы күйеуі үш баласына алимент төлеуді тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әйелдің сөзінше, 12 жылдық некеде жұбайы жеті жыл жұмыс істемеген, алайда өзін несиелер мен бөліп төлеулер рәсімдеуге көндірген. Оның айтуынша, экс-күйеуі мобилограф болып жұмыс істегісі келетінін айтып, техника сатып алдырған, бірақ қарыз міндеттемелерін орындамаған.

Сондай-ақ ол соңғы екі айда алимент алмағанын, бұрынғы күйеуі барлық байланыс жолдарын бұғаттап, хабарласпай кеткенін мәлімдеді. Қазір әйел декреттік демалыста және үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын айтқан.

Оның сөзінше, уәде етілген қаржылай көмекті талап етіп бұрынғы күйеуінің үйіне барған кезде оны полиция шақырып қуып шыққан.

«Ол басқа отбасы құрып алды, ал өз үш баласының не ішіп-жеп жүргеніне, қалай өмір сүріп жатқанына алаңдамайтын сияқты», — деп жазды ол.

Бұған қоса, әйел бұрынғы күйеуінің отбасы ауқатты болғанымен, балаларға көмектеспейтінін алға тартты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жазушы Қуандық Түменбайдың өзі келініне «Біз интеллигентпіз, сен үйден кет» деген сыңайдағы сөз айтқаны айтылып, бұл жағдай қызу талқыға түсті.

Қазіргі уақытта Еркебұлан Түменбайдан немесе жазушы отбасы тарапынан бұл жайтқа қатысты ресми пікір берілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0