Халық «Amazon» түнгі клубының жабылуын талап етіп жатыр

Қыркүйек 10, 2025 - 11:55
Қыркүйек 10, 2025 - 12:10
Халық «Amazon» түнгі клубының жабылуын талап етіп жатыр
Фото: Sadaq.kz коллажы

9 қыркүйек күні Астанадағы «Amazon» түнгі клубында келушілер арасында жанжал шығып, төбелес салдарынан 19 жастағы азамат қаза тапқан еді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жаппай төбелесте 5 адам болған. Олардың бірі Азаттың жүрек тұсына екі рет, аяғына екі рет пышақ сұғып алған. Оқиға кезінде клубта әкімші де, күзетшілер де болған. Алайда ешкім араша түспеген, алғашқы көмек көрсетпеген. 

Қайғылы оқиғадан кейін көпшілік «Amazon» клубының жабылуын талап етіп жатыр. Түнгі клубтың 2ГИС-тегі мекенжайына #ЗаАзата деген хэштегпен канселинг (ағылш. cancel culture – «бас тарту мәдениеті») басталып кетті.

Пікір білдірушілер «Жабылыңдар!», «Айтарға сөзім жоқ. Бұрынғы «Партшкол» сәнді де, лайықты орын болатын. Қазір тәртіпсіздік жайлаған, әкімшісі адекват емес, ал күзетшілер түрмеден шыққан адамдар сияқты. Бұл жерді шұғыл түрде жабу керек», «Тым нашар клуб. Келетін адамдары да қауіпті. Әкімшісіне ақша төлесе болды, адамға адам деп қарамайды», «Баратын жер емес», «Адам өлді, ал бұлар ештеңе болмағандай сторис салып отыр. Бұл неткен қатыгездік? Бұл жер баяғыда-ақ жабылуы керек болған», деп жазып жатыр олар. 

Айта кету керек, қазіргі таңда күдікті қолға түсті. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow