«Халқымның жүрегінде қалыппын»: Бақытжан Базарбек жол апатынан кейінгі ауыр күндерін есіне алды

Қыркүйек 14, 2026 - 11:08
app_badging Қыркүйек 14, 2026 - 11:16
chat_bubble  0 visibility  12
«Халқымның жүрегінде қалыппын»: Бақытжан Базарбек жол апатынан кейінгі ауыр күндерін есіне алды
Фото: Желіден

Экс-депутат Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында Нұржігіттің жол-көлік оқиғасынан кейінгі жағдайы туралы жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, Нұржігіт жол апатынан кейін 20 күн комада жатқан. Осы уақыт ішінде Құлан мен Тараздағы дәрігерлердің науқастың өмірі үшін тәулік бойы күрескенін атап өтті.

«ДТП-ға дейін де өзіміздің медицина мамандарымыздың біліктілігін жоғары бағалайтынмын. Бірақ Нұржігітпен болған осы ауыр жағдайдан кейін олардың кәсіби деңгейінің қаншалықты жоғары екеніне шын мәнінде көзім жетті»,– деді ол. 

Бақытжан Базарбек қиын сәтте жақын жандардың қолдауы маңызды екенін атап өтті. 

«Сын сағатта кімнің кім екендігі анық болады. Менің 20–25 жыл бойы отбасымызбен, бауырдай араласқан достарым, бірге оқыған құрбыларым 25 күн ішінде жағдайымды сұрауға бір минут уақыт таппай қалғаны таң қалдырады... Сондықтан «доспын» деген адамдарды қуанышты сәттермен ғана тексермеңіздер. Осындай сынақты сәтте сынаңыздар»,– деді. 

Ол Нұржігіттің оянған сәтін де еске алды. Дәрігердің «Бәке, сүйінші! Нұржігіт оянды!» деп хабарлағанын айтқан экс-депутат бұл жаңалықты естігенде өзі мен науқастың жұбайы екеуі қуаныштан  көз жастарына ерік бергенін жазды.

Экс-депутат сонымен қатар қиын кезеңде қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарға және Нұржігіттің амандығын тілеген халыққа ерекше ризашылығын білдірді.

«Осы үш жарым жыл бойы атқарған еңбегімді халықтың бағалағанын дәл осы қиын сәтте ерекше сезіндім. Бүгін бір нәрсені анық түсіндім. Билікте қалмасам да, халқымның жүрегінде қалдым. Қолымда мансап болмаса да, халқымның құрметі мен сенімі бар. Мен үшін бұдан асқан абырой жоқ»,– деді Бақытжан Базарбек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 1