Хасан Қасымбаев соты: прокурордың бірі істен шеттетілді

Тамыз 21, 2025 - 14:37
Хасан Қасымбаев соты: прокурордың бірі істен шеттетілді
фото: видеодан скриншот

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен өзге де күдіктілерге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Kazinform.

Бір сағаттық үзілістен соң судья Айнагүл Тұқыбаева адвокаттардың өтінішін қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты.

Сот отырысына екінші прокурор Ерлан Құланбаев қатысып жатыр, сот жалғасын табуда.

Еске салсақ, 4 қарашада желіде "Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл ақпаратқа Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдіріп, 2024 жылғы 2 қарашада азамат К. 2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow