«Хайп үшін тараған әңгіме»: Бақытбек Есентаетың жас қызға үйленгіні рас па?

Наурыз 26, 2026 - 11:27
app_badging Наурыз 26, 2026 - 13:27
chat_bubble  0 visibility  1
«Хайп үшін тараған әңгіме»: Бақытбек Есентаетың жас қызға үйленгіні рас па?
фото: әлеуметтік желіден

Ақтоты Оспанова өзін Бақытбек Есентаевтың қалыңдығы деп тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеп, әлеуметтік желіде жарияланған суреттердің шынайы мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сонымен қатар, ол бұл суреттерді таратқан парақшаға қатысты тексеру жұмыстары басталғанын да атап өтті.

«Хайп үшін тараған әңгіме»: Бақытбек Есентаетың жас қызға үйленгіні рас па? Фото: әлеуметтік желіден «Бұл тарап жатқан сурет бірнеше жыл бұрын құрбымның құдалығында түсірілген. Бақытбек аға өте жақсы адам және құрметтеймін! Мен – ұл тәрбиелеп отырған анамын. Ең бірінші ойлағаным, осы ұлым мен 4 ағам, туысым мен құдаларым бар. Ешқашан хайп пен хейтті жақындатпағанмын. Оқырмандар емес-арым мен ұятым биік. Ол кісі де басы бос ер азамат. Зияны тиіп кетуі мүмкін мұндай нәрселердің... Әр адамның жеке өмірі үшін бұл алып-қашпа әңгімелер дұрыс емес. Сондықтан кейбір жандардың дұрыс емес, шындыққа жанаспайтын әңгімелеріне сенбеулеріңізді сұраймын! Парақшаға қатысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Достарым тауып беретіні сөзсіз. Әзірше тек осылай айтқым келді», - деді ол.

Сонымен қатар ол өзінің абыройын бәрінен жоғары қоятынын айтып, жалған мәліметтерге сенбеуге үндеді.

«Мен қашан да абыройым үшін жұмыс жасап жүрген адаммын. Маған артық және өтірік мәліметтер керек емес... Басы босы әйел болған соң бәлкім тез сенер адамдар. Ажырасқандар да адал бола алады. Көбі бақыт тілеп жатыр екен, Қандай пікір жазсаңыз да (қаншама комплимент оқыдым) Алла Сізге жар болсын. Бір күні Алла адал жарымды кездестіріп, сол тілеп жатқан бақыт пен баланы берсін маған. Әумиииин. Мені блоктап тастады ол парақша. Айта жүріңіздерші өтірік деп... Жақындарым менің, егер сұрақ болса. Алып қашпа әңгімелерге сенбей, өзімнен сұраңыздаршы», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0