«Хиджабтағы қыз біреудің байынан бала туып алған»: Блогер Мөлдір Анарбаева сұмдық оқиғаны бөлісті

Қазан 10, 2025 - 12:24
«Хиджабтағы қыз біреудің байынан бала туып алған»: Блогер Мөлдір Анарбаева сұмдық оқиғаны бөлісті
Фото: instagram.com

Белгілі журналист, блогер Мөлдір Анарбаева хиджабтағы қыздар мен олардың өмірі туралы бар шындықты айтты, деп жазады sadaq.kz.

Блогер Мөлдір Анарбаева бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Иран билігі әйелдерді хиджаб киюге міндеттемейтін заңды жойды. Енді елге хиджаб кимеген әйелдерге ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жаза жоқ.

Мемлекет енді әйелдердің киім таңдау еркіндігіне араласпайды. 

Иранның қыз-келіншектері қуанып, еркіндікке жеткендеріне риза. Ал бізде мемлекет тарапынан зайырлы қоғам болайық десе, керісінше лағып барады.

Құдайға сенің киімің емес, адалдығың керек! Құдайға сенің сырт келбетіңнен қоршаған ортадағы адами қасиетің маңызды.

Ол — ардан аттамау, туған балаңды қоғамға адам етіп қосу, заңға бағыну, ортаңды ластамау, өтірік айтпау, ешкімді ешқандай жолға сүйремеу.

Құдай маңдайыма жазды деген өтірігіңмен біреудің байынан бала туып алмау!

Осы қоғамнан құдайдың жолы деп бөлінбеу! Сен ұстанып жүрген жол шын Құдайдың емес, адам құдайдың жолы. Адам құдайға табынбаңдар!», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow