Ким Чен Ын ресейліктерді бауырлас халық деп атады
КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресей мен Владимир Путинді қолдайтынын мәлімдеп, ресейліктерді бауырлас халық деп атады. Ол Ресейдің жеңіске жететініне сенім білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей президенті КХДР құрылғанының 78 жылдығына орай құттықтау жолдаған. Оған жауап ретінде Ким Чен Ын Владимир Путинге жеделхат жөнелткен. Жолдауда Солтүстік Корея көшбасшысы Мәскеуді бұдан әрі де қолдауға ниетті екенін атап өтті.
"Мен Ресей федерациясының елдің қауіпсіздік мүдделерін қорғаудағы және халықаралық әділдік жолындағы бүгінгі соғыста жеңіске жететініне кәміл сенемін. Сізді және бауырлас Ресей халқын әрдайым қолдауға уәде беремін" - делінген жолдауда.
КХДР басшысы бүгінде екі ел "сенім мен ынтымақты нығайтып", әділдік пен бейбітшілікті бірлесіп қорғап жатқанын, "ұлы одақ тарихына" жаңа беттер қосып келе жатқанын атап өтті.
"Достық, тату көршілік, өзара көмек дәстүрлеріне және берік одақтастық қатынастарға негізделген Корей-Ресей қарым-қатынасының жарқын болашағы туралы ортақ түсінікке сүйене отырып, РФ-пен бірлескен істі жан-жақты кеңейтуге және тереңдетуге деген менің және КХДР үкіметінің еркі өзгермейді", - деді Ким Чен Ын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0