«Қисық басатын сәттер де болатын шығар»: Елена Әбдіхалықова Алмас Кішкенбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

Ақпан 4, 2025 - 16:32
«Қисық басатын сәттер де болатын шығар»: Елена Әбдіхалықова Алмас Кішкенбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші, композитор Елена Әбдіхалықова Алмас Кішкенбаевтың айыпталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

Ол бұл ақпаратқа сенбейтінін, Кішкенбаевты кішкентайынан танитынын, оны жаман атқа қимайтынын жазған. 

"Белгілі эстрада әншісі Алмас Кішкенбаевты сонау 1-сынып оқып жүрген кезінен білемін. Анасы Айнаш апа екеуі өзінен үлкен домбырасын арқалап, бір концертке қатысуға театрға келген. Алғаш рет тыңдап, театр толы көрерменмен бірге қол соқтық. Кейін Қызылорда Қазанғап Жоғары Музыка Колледжінде дәріс бердім. "СуперStar" жобасының қорытынды финалына Алматыға арнайы ұшып барып, жанкүйер болғаным бар. Ешқашан, еш жерде өрескел әдепсіздігін, өтірік сөйлеген көргенсіздігін көргенім жоқ. Есесіне, үнемі ілтипатпен, ізетпен, орнын білетін талантты бала болғаны үшін құрметтеп келемін. Ең бастысы, өнерде мәнері мен әдемі даусы, талғамы бар әнші деп бағалаймын", - деп жазды әнші. 

Сондай-ақ ол қылмысқа қатысы бар деген ақпаратқа сенбейтінін айтып, Алмас Кішкенбаевқа тілек-ниетін білдірді. 

"Әлем-жәлем желіде түрлі сөз желдей гулеп тұр. Ешкімнен соқыр тиын ұрламаған, тірі жанға зәбірі жоқ, талантты жастарды "жақтым күйе, жаптым жала" деп, түрмеге тоғыта берсек, қалай ел боламыз? Адам болған соң, қисық басатын сәттер де болатын шығар, дегенмен өз басым Алмастың қылмыс жасағанына сенбеймін! Қайта іштей Алмастың образын ашатын әндер болса деп тілеп жүремін. Бүгінгі эстрадада өз биігіне көтерілетін күні алда деп ойлаймын! Лайым, сол күнге жеткейсің, Алмас айналайын! Мұңайма! Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Тек аман жүргейсің!", - деп жазды Елена Әбдіхалықова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елена (@elenaabdykhalykova)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow