Қытай автокөліктері рак ауруына ұшыратады

Қыркүйек 25, 2025 - 10:23
 0  111
Қытай автокөліктері рак ауруына ұшыратады

Әлеуметтік желіде белгілі IT маманы Мейіржан Әуелханұлы Қытайдан шығарылатын жаңа көліктердің қауіпіне қатысты дабыл қақты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Оның айтуынша, Қытайда жаңа көлік сатып алған орта жастағы ер адам екі айдан соң денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер одан ақ қан (лейкоз) диагнозын анықтаған.

«Осы оқиғадан кейін Қытайдағы зерттеу институттары мен журналистер бірігіп, 60-қа жуық жаңа көлікті ыстық күннің астында қалдырып, сынақ жүргізген. Нәтижесінде 60 көліктің 58-інде пластик пен химиялық элементтердің мөлшері шектен тыс жоғары болып шыққан. Бұл адам ағзасына зиянды реакция беріп, түрлі рак ауруларын тудыруы мүмкін», – деді Мейіржан Әуелханұлы.

Маманның сөзінше, дәл осы тақырып қазір әлемдік медиада қызу талқыланып жатыр. Ол қазақстандықтарды арзан баға мен жарқыраған салонға алданып қалмауға шақырды.

«Біздің елімізде де Қытай көліктері көбейіп кетті. Бағасы қолжетімді болғанымен, денсаулық бәрінен қымбат. Ақша да, таңдау да өздеріңізде», – деп ескертті ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0