Қытайдың Тяньцзинь қаласында ШЫҰ саммиті басталды

Қыркүйек 1, 2025 - 09:42
 0  30
Қытайдың Тяньцзинь қаласында ШЫҰ саммиті басталды
Фото: Ақорда

Бүгін, 2025 жылғы 1 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өз жұмысын бастады. Биылғы саммит «Шанхай рухын ілгерілету: ШЫҰ іс-әрекетте» тақырыбымен өтуде, деп хабарлайды sadaq.kz.

Саммитке 20-дан астам елдің басшылары қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди (ол саммитке жеті жыл үзілістен кейін алғаш рет қатысып отыр) және Иран Президенті Масуд Пезешкиан бар.

Айта кетейік,Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің жалпы отырысында Беларусь, Үндістан және Иран басшыларынан кейін төртінші болып сөз сөйлейді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барғанын айтылды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0