Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Қыркүйек 20, 2026 - 11:19
chat_bubble  0 visibility  1
Қызылордада  жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: pixabay

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұсында екі автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасында екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиға КАЗ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тасжолы 1462/804 шақырымында болған.  Бұл туралы Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Сейдахан Абылайхан хабарлады. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда барынша мұқият болуға шақырамыз. Өз қауіпсіздігіңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауды еске саламыз, — деді Сейдахан Абылайхан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0