Қызылордалық әнші танымал ресейлік жобаның жұлдызына айналды

Омбыда Ернұр Такен ресейлік тележобада өнер көрсетіп, қазыларды баурап алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Омбыда өткен танымал «Ну-ка, все вместе! Народный кастинг» жобасында нағыз музыкалық ғажайып орын алды.
Қызылордадан шыққан талантты әнші Ернұр Такен алғаш рет ірі ресейлік тележоба сахнасына шығып, бірден көрермен мен қазылар алқасының жүрегін жаулады.
Бағдарлама басталған сәттен-ақ қазылар оның ерекше энергетикасын сезінді. Адельдің When We Were Young әніндегі меланхолиялық нәзіктік бір сәтте «Скажите, девушки» романсының ыстық сезіміне ұласты. Бұл әсерлі контраст қазыларды таңғалдырғаны соншалық, олар бір ауыздан Ернұрды келесі кезеңге өткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






