Қызылордалық жас түлек ҰБТ-дан 140 ұпай жинады

Шілде 2, 2026 - 11:08
chat_bubble  0 visibility  1
Қызылордалық жас түлек ҰБТ-дан 140 ұпай жинады
Фото: gov.kz

Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия негізгі ҰБТ-да 140 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

2026 жылғы 1 шілде күні Қызылорда қаласында орналасқан аймақтық тестілеу орталығында Балхан Альфия «Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті» пәндер комбинациясын таңдап, емтиханды сәтті тапсырды. Тестілеу нәтижесі бойынша 138 балл жинады. Сонымен қатар Альфия ҚАЗТЕСТ сертификатын пайдаланып, «Қазақ тілі» пәні бойынша балдарын конвертациялады. Осылайша қазіргі таңда Балхан Альфияның жалпы нәтижесі 140 балды құрайды.

«Мен 11-сыныптың алдында ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Менің арманым – педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу. Кішкентайымнан қазақ классикасын оқуға құмармын, ал менің сүйікті шығармам – Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы. Әдебиетке деген сүйіспеншілігім мені ұстаз болуға және ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруге жетеледі. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін», – деді Альфия.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0