«Қызым, менің Рәбиә Сұлтаным»: Қайрат Нұртас алғаш рет кенже қызын көрсетті
Эстрада әншісі Қайрат Нұртас алғаш рет кенже қызы Рәбиә Сұлтанның видеосын жариялап, жанкүйерлерін сүйсіндірді, деп жазады Sadaq.kz.
Биыл жазда Кайрат Нұртас бесінші рет әке атанған еді. Енді оның екі ұлы және үш қызы бар. Әнші бірнеше айдан кейін алғаш рет Рабия Сұлтан атты кішкентай қызын көрсетті. Кадрларда ол нәрестені құшағынан тастамай көтеріп ұстап жүр.
«Қызым, менің Рәбиә Сұлтаным», – деп жазды ол видеоға.
Видеоға алғашқылардың бірі болып әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова пікір білдірді. Ол жүрек пен от белгісі түріндегі эмоджи қалдырған.
Жанкүйерлер видеоны қызу талқылап, кадрларға сүйсініп, жұлдызды әулетке тілек тілеп жатыр.
«Қайратпен бірге қуанғандар, қаншамыз?», «Көз тимесін», «Енді жанымыз тынышталды», «Осылай бәрі бірге түскен видеосын салсаңыздар, бізге Жаңа жылға сыйлық болар еді», «Енді Гүлзира ханымды Жұлдызбен бірге көрсек», – деп жазуда желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0