ҚМДБ әйелін шәкіртіне сыйлаған уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады

Сәуір 1, 2026 - 22:25
chat_bubble  0 visibility  1
ҚМДБ әйелін шәкіртіне сыйлаған   уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әйелін шәкіртіне сыйлағанын айтқан уағызшы Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

ҚМДБ Құрбанәлі Ахметтің діни басқармасының құрылымында қызмет етпейтінін, діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік. ҚМДБ еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, қоғам бірлігін нығайту және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді", – делінген діни басқарманың мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бұған дейін өзін имам ретінде таныстырған Құрбанәлі Ахметтің журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбаты қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Сұхбатта ол екінші әйелін шәкіртіне "сыйға бергенін" айтқан. Аталған мәлімдеме желіде қызу талқыланып, қоғам тарапынан сынға ұшырады. 

Тексеру нәтижесінде оның әрекеті заң талаптарына қайшы екені анықталып, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сұхбат авторы да құқықбұзушылық белгілері бар материал таратқаны үшін жауапқа тартылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0