«Қоғамның болашағы әр азаматтың таңдауына байланысты»: Марат Қалимолдин құрылтай сайлауы туралы

Шілде 30, 2026 - 11:16
chat_bubble  0 visibility  5
«Қоғамның болашағы әр азаматтың таңдауына байланысты»: Марат Қалимолдин құрылтай сайлауы туралы
Фото: vapress.kz

Құрылтай сайлауы – әр азаматтың елдің болашағына ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Бұл туралы «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қалимолдин айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сарапшының пікірінше, сайлауға қатысу – азаматтардың конституциялық құқығы ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілігінің де көрінісі. Оның айтуынша, халықтың белсенділігі артқан сайын сайланған өкілдердің жауапкершілігі күшейіп, қоғамдық бақылау да тиімді бола түседі.

«Сайлау мәдениеті тек дауыс берумен шектелмеуі тиіс. Әрбір азамат үміткерлердің бағдарламаларын мұқият зерделеп, олардың тәжірибесі мен бастамаларын салыстырып, ақпаратқа сыни тұрғыдан баға бергені маңызды. Саналы таңдау ғана елдің ұзақ мерзімді дамуына және қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына негіз болады. Белсенді азаматтық ұстаным, саяси сауаттылық және жауапкершілік – әділетті, тұрақты әрі дамыған қоғам қалыптастырудың маңызды шарттары. Қоғамның болашағы әр азаматтың бүгінгі саналы таңдауы мен белсенді ұстанымына байланысты», – деді Марат Қалимолдин.

Сарапшының сөзінше, азаматтардың сайлауға жауапкершілікпен қатысуы билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ бұл демократиялық құндылықтардың орнығуына, қоғамдық келісімнің сақталуына және елдің тұрақты дамуына негіз қалайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0