«Көкпаршыға уыстап ақша шашпа, диплом бере сал»: Санжар Керімбай қазақ кәсіпкерлеріне үндеу жасады

Танымал қоғам белсендісі Санжар Керімбай қазақтың кәсіпкер жігіттеріне үндеу жасап, көкпаршы, спортшыларға аста-төк ақша жұмсамауға шақырды, деп жазады bairaqmedia.kz.
«Спортшылардың бәріне гүрілдетіп 100 мың доллардың көлігін беріп жатыр. Біреудің аты 100 км шауып келсе, дәк көлік мінгізеді. Көкпар тартады, ауылдың қарулы жігіттерінің бәрі. Азаннан кешке дейін, аузына қамшыны тістеп алып, қиқулап. Бейшара серкенің жүнін жұлып, ары-бері лақтырып. Ең соңында бір-бір көлік мініп кетті. Кәсіпкер жігіттеріңнің көкірегінде сәуле болса, болашақ ұрпағының мүддесін, өсіп-өнуін ойлайтын болса, көкпарға ақшаны үйіп, төкпе. Әншейін диплом, қой бере сал, мысалға? Есің дұрыс па? Шауып келе жатқан атқа, джип мінгізгенің не? Адам ғой басты құндылық, атың ары кетсе 5 жыл шабар, сосын түкке жарамайды, алып сойып тастайсың ертең оны. Осыдан 10 жыл бұрын бәйгеден шауып келген аттардың атын айтып беріңдерші? Оған делебең қозып бара жатса, грамотамен құтыла салатын нәрсе ғой?», - дейді ол.
Санжар Керімбай осыдан бірер жыл бұрын әлем чемпионы болған спортшылардың қазір ізім-ғайым жоқ болғанын айтады.
«Ал спортшылар? Осыдан үш-төрт жыл бұрын әлем чемпионы болған спортшылардың аттарын атап берші? Олардың бәрі қай жақта? Олимпиада сайын аттары жаңара береді.
Бір рет келдің, туды көтерді, гимн ойнады, «кайф» алдың болды. Ұмтыласың сосын. Көкірегіне құндылық құйылған, елді осындай қуыс кеуде дертінен құтқаратын адамдар мемлекеттің ең бірінші байлығы, капиталы сол болып есептелуі керек. Сондықтан қалтаңа 10 мың теңге артық түсіп қалды ма, балаңа жүгіріп барып, чупа-чупс алып беруді қою керек.
Ақшаңды педагогтерге бер, қаншама балалармен шайқасып жатыр. Пробкада тұрмасын бейшаралар. Тілі шықпаған, ойын жеткізе алмайтын, диктант жаза алмайтын, түсінігеніңді айт десең қорықаннан жылап жіберетін балалар қаптап кеткен.
Соның бәрімен жұмыс істеп отыр солар. Солардың бәрінің арендасын көтеріп бер. Қуыс кеуде кәсіпкерлер сол педагогтермен ақша алмақшы? Математика, ағылшын оқытып, ақша істеп отырған болса мақұл…Ол ізгілікпен айналысып отыр, фанаттар айналысып отыр. Олар ешқашан да ақша таппайды. Біз мынаны басып шығарып, ақша тауып отырмыз ба», — деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






