«Қол-аяғын байлап, қамап ұстаған»: Атырау облысында 90 жастағы қария туған ұлынан қорлық көргенін айтты

Маусым 25, 2026 - 10:56
 0  15
«Қол-аяғын байлап, қамап ұстаған»: Атырау облысында 90 жастағы қария туған ұлынан қорлық көргенін айтты
Фото: polisia.kz

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 90 жастағы қартқа өз баласы ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген, деп хабарлайды sadaq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, туған ұлы қарт әкесін үйдің бір бөлмесіне қамап, оның еркін шығуына шектеу қойған. 

Сондай-ақ ол әкесіне тамақ пен су бермей, қол-аяғын байлап тастаған. Қарт адам мүмкіндік туған сәтте үйден қашып кеткен. Кейін ол жақын туысының үйіне барып, болған жайтты баяндаған.

Атырау облыстық полиция департаметі ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0