«Көлшікке түсіп кетіп, қатып қалған»: Батыс Қазақстанда бір үйір жылқы қырылып қалды

Желтоқсан 19, 2025 - 16:40
Желтоқсан 19, 2025 - 16:41
 0  1
«Көлшікке түсіп кетіп, қатып қалған»: Батыс Қазақстанда бір үйір жылқы қырылып қалды

Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты Саралжын ауылында бір үйір жылқының қырылып қалғаны туралы видео тарады, деп жазады  «Мой город» басылымы.

Куәгерлердің айтуынша, демалыс күндері өңірде соққан боран кезінде жылқылар су айдынына түсіп кетіп, сыртқа шыға алмай қалған. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты кейбір жануарлар мұз құрсауында қалып, жылқылардың басым бөлігі қырылған.

Аталған ақпаратты Қазталов ауданының әкімдігі растады. Қазіргі уақытта қырылған мал саны нақтыланып, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0