«Компаниялар халыққа қажет дәрілер емес, пайда әкелетін қымбат преператтар әкелуге мүдделі» - Асхат Аймағамбетов
пенициллин – елде мүлдем тіркелмеген. Себебі ол компанияларға пайда әкелмейді, ал мемлекет мұндай препараттарды өз бетінше тіркеуге бастамашы емес.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отандық медицина саласындағы былықтың бетін ашты. Айтуынша, қыруар қаржы бөлінсе де, ешқандай ғылыми жаңалық ашылмаған.
"QazVac-тан басқа ештеңе жоқ деуге болады. Соңғы 10 жылда тек 2 препарат әзірленген – йод пен калия йодиды. Бұл жобаларға 4,6 млрд теңге жұмсалған, бірақ олардың бірде-біреуі ұлттық формулярға енгізілмеген. Яғни қолданысқа жарамайтын дүниелер", – дейді депутат.
Ол сондай-ақ, дәрі-дәрмек бағасының шектен тыс қымбат екенін айтады.
Айтуынша, дәрілердің бағасы 172 пайызға дейін үстеме қосылады. Дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы 3-5 есеге дейін ауытқиды. Ал Еуропа елдерінде дәріге қойылатын үстеме баға 30 пайыздан аспайды.
"Препараттарға шамадан тыс маркетингтік және тасымалдау шығындары қосылып, баға бірнеше есе өсіп кеткен. Тіпті кейбір дәрілер түпнұсқадан да қымбат. Бір ғана мысал – түпнұсқа препарат 344 теңге тұрса, отандық баламасы 1273 теңгеге дейін жеткен. Бұл – төрт есеге қымбат", – деді Аймағамбетов.
Ең сорақысы, еліміздегі дәрі-дәрмек таситын компаниялар пайда әкелмейтін преператтарды әкелмейді. Осының салдарынан халыққа қажетті кей дәрі түрлері сөреден жоғала бастаған.
"Арзан, бірақ қажетті дәрілер – мысалы, ішетін пенициллин – елде мүлдем тіркелмеген. Себебі ол компанияларға пайда әкелмейді, ал мемлекет мұндай препараттарды өз бетінше тіркеуге бастамашы емес.
Бізде жүйе тек ірі және қымбат фармацевтикалық өнімдерді ғана нарыққа шығаруға мүдделі. Ал қарапайым халыққа қажет дәрілер – мүлде ескерусіз", – дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






