Қонаевта 22 жастағы жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті

Қыркүйек 21, 2026 - 17:34
 0  16
Қонаевта 22 жастағы жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті
Фото: polisia.kz

Қонаевта 22 жастағы жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнында мерт қылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жол апаты 20 қыркүйек күні сағат 18:40 шамасында қала көшелерінің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai көлігінің жүргізушісі жол жиегінде жүрген баланы қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу Алматы облысы ПД басшылығының бақылауында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0