Конгоның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілді

Ол "әскери қылмыс, мемлекетке опасыздық және адамзатқа қарсы қылмыс жасаған" деп айыпталып отыр.

Қазан 1, 2025 - 11:24
Конгоның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілді
Фото: facebook.com/pressepresidentielle.rdc

Осылайша, Конго Демократиялық Республикасының Әскери сотының үкімімен экс-президент Джозеф Кабила сырттай өлім жазасына кесілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ел астанасы Киншасадағы сот отырысына 54 жастағы Кабила да, адвокаты да қатыспаған. 

Қаңтар мен ақпанда M23 көтерілісшілері елдің шығысында кең ауқымды шабуыл жүргізген еді. Руанда шекарадағы кең аумақтарды жеңілген Конго армиясынан қайтарып алды. Осы кездегі КДР президенті Феликс Цисекеди "Кабила бұл топты ынталандырды" деп айыптайды. Экс-президент мұнымен келіспейді. Тіпті, Цисекеди үкіметін "диктатура" деп атаған. 

2001-2019 жылдар аралығында президент болған Джозеф Кабиланың қазір қайда тұрып жатқаны белгісіз. Ол 2023 жылы ғана елден қашып, Оңтүстік Африкаға аялдаған еді. Бірақ, биыл мамыр айында күтпеген жерден Солтүстік Киву провинциясының астанасы және M23 тірегі Гомада жүргенін байқатты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow