«Көңілсіз жаңалық» : Шавкат Рахмонов он айға жуық жекпе-жекке шықпайды

Ақпан 1, 2026 - 12:44
Ақпан 1, 2026 - 12:51
 0  25
«Көңілсіз жаңалық» : Шавкат Рахмонов  он айға жуық жекпе-жекке шықпайды
Фото: жеке парақшасынан алынды

UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тізесінен жарақат алып, он айға жуық уақыт жекпе-жекке шыға алмайды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл ақпаратты белгілі спорт журналисі Ариэль Хельвани өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Рахмоновтың менеджері Дэнни Рубинштейнге сілтеме жасап жариялады. Бір күн бұрын Шавкаттың Алматыда өткен Naiza лигасының турниріне балдақпен келгені көпшілікті алаңдатқан еді.

«Көңілсіз жаңалық: Шавкат Рахмонов тағы да тізесін жарақаттап, жақында ота жасатты. Бұл – спортшыны бір жылдан астам уақыт октагоннан тыс қалдырған сол тізе. Ол енді 9-10 айдай жекпе-жекке шықпайды деп күтілуде», – деп жазды Хельвани.

Бұған дейін спортшының бапкері Эдуард Базров та оның денсаулығына қатысты мәселелер барын растаған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0