Қорғаушы емес, қылмыскер: Павлодарда адвокат 6 миллион теңге үшін сотталып кетті

Наурыз 12, 2026 - 10:44
app_badging Наурыз 12, 2026 - 10:48
chat_bubble  0 visibility  1
Қорғаушы емес, қылмыскер: Павлодарда адвокат 6 миллион теңге үшін сотталып кетті
Pixabay.com

Павлодар қаласында адвокаттар алқасының мүшесіне қатысты алаяқтық және лауазымды тұлғаларға пара беруге арандату дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Сот адвокаттың өз сенімгерін алдап, қолайлы шешім шығарту үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегенін анықтады. Ол осы жолмен жәбірленушіден 6 100 000 теңге көлемінде қаражат алып, оны өз қажетіне жұмсаған.

«Аталған факті бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің заңсыз әрекеттері толықтай құжаттандырылды. Заң алдында ешкімнің артықшылығы жоқ, сондықтан кез келген құқық бұзушылық тиісті жазасын алады», — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

2026 жылғы 27 ақпандағы сот шешімімен айыпталушыға 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 3 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот үкімімен сотталушы «подполковник» арнайы атағынан да айырылды. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0