«Қоштасатын уақыт келді»: Канело спорттан кететінін хабарлады
Сауль "Канело" Альварес мансабын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді.

Суперорта салмақтағы (76,2 кг дейін) әлемнің бірнеше нұсқасы бойынша бірыңғай чемпионы, мексикалық Сауль "Канело" Альварес жақын арада рингпен қоштасуы мүмкін екенін ашық айтты, деп хабарлады penalty.kz порталы.
34 жастағы боксшы өзінің спорттағы басты армандарына жеткенін және мансапты ақша үшін емес, өзінің ішкі түйсігіне сай аяқтағысы келетінін айтқан.
"Мен бокста қолымнан келгеннің бәріне жеттім. Ең үздік қарсыластармен жекпе-жек өткіздім, түрлі салмақ дәрежелерінде чемпион атандым. Pound-for-pound тізімінде көш бастадым, жылдың үздік боксшысы атандым. Бұл – үлкен жол", – деді Альварес Vringe.com порталына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ақша басты мақсат емес. Себебі ақша ешқашан жеткіліксіз болмайды, бірақ спортта бастысы — рахат алып, шынайы эмоция сезіну.
"Мен әлі де бокстан ләззат алып жүрмін. Сол себепті әлі осындамын. Алайда нақты бір сомадағы табысқа жетіп, бірден кетемін деген мақсатым жоқ. Мен 37-38 жасымда мансабымды аяқтауды жоспарлап отырмын. Сол кезде қолғапты шегеге ілемін", — деп нақтылады Канело.
2025 жылдың 3 мамырында Альварес Куба елінің IBF тұжырымы бойынша чемпионы Вильям Скуллға қарсы рингке шығады. Егер бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, Сауль Альварес екінші мәрте абсолютті әлем чемпионы атанады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






