«Қоштасуға мүмкіндік берілмеді»: Камчыбек Ташиев күтпеген мәлімдеме жасады
Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев әлеуметтік желідегі парақшасында қызметтен босатылуы оның үшін күтпеген жағдай болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ташиевтің айтуынша, ол алдын ала жасалған операциядан кейін тексерілу үшін президенттің рұқсатымен шетелге шыққан. Ал қызметтен босату туралы шешім оның үшін күтпеген жағдай болған.
Дегенмен, Камчыбек Ташиев кез келген жағдайда мемлекет басшысының шешімін орындау қажеттігін атап өтті.
«Мен адал қызмет еттім – мемлекетке, халыққа және президентке. Бұл үшін мақтанамын. Бір өкініштісі – жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмеді. ҰҚМК әрбір қызметкеріне ризашылығымды білдіремін және сәттілік тілеймін!» – делінген оның жазбасында.
Сондай-ақ Камчыбек Ташиев азаматтарға заңды сақтау және құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуді ескертті, елде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау маңызды екенін баса айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0