Қосшыдағы сорт кешенде 10 жастағы қыз қайтыс болды

Қаңтар 30, 2026 - 10:27
Қаңтар 30, 2026 - 10:48
 0  18
Қосшыдағы сорт кешенде  10 жастағы қыз қайтыс болды

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінде 10 жастағы қыз бала кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ресми деректер бойынша, мектеп оқушысы «бронх демікпесі» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Сабақ барысында баланың денсаулығы сыр беріп, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Жағдайы қиындай түскендіктен, арнайы жабдықталған реанимобиль көмегіне де жүгінген. Алайда медицина мамандарының араша түскеніне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0